Несие алмас бұрын
- Төлемді табысыңызбен салыстырып есептеңіз. Барлық несиеге ай сайынғы табысыңыздың жартысынан көбі кетсе, тоқтап, жаңасын алмаған жөн.
- Ақшаны шынымен қажет мерзімге алыңыз. Жалақы 10 күннен кейін түсетін болса, жалақыға дейін 45 күнге қарыз алу артық төлемге әкеледі.
- Ескі несиені жабу үшін жаңасын алмаңыз. Бұлай қарыз азаймайды, керісінше өседі.
Ақша қолыңызға тиген соң
Төлем күніне 2–3 күн қалғанда телефоныңызға еске салғыш қойыңыз, бұл біздің SMS-хабарламаға қосымша болады. Деректемелер бойынша төлесеңіз, ақшаны алдын ала жіберіңіз, өйткені банкаралық аударым үш жұмыс күніне дейін жүруі мүмкін. Барлық төлеу тәсілі «Қалай өтеуге болады» бетінде жинақталған.
Бос ақшаңыз пайда болды ма? Қарыздың бір бөлігін мерзімінен бұрын өтеңіз, сонда сыйақы азаяды.
Төлемге ақша жетпесе
Басты ереже: төлем күніне дейін кредиторға хабарлау. Егер төлем мерзімі өтіп кетсе, МҚҰ сізге 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті, ал сізде шарт талаптарын өзгерту туралы өтініш беру үшін 30 күнтізбелік күн бар.
SPR credit бұл үшін бірнеше нұсқа ұсынады: тек есептелген сыйақыны төлеп, «Экспресс» несиесін ұзарту, дәлелді себеп болған жағдайда төлемдерді кейінге қалдыру немесе төлемі азырақ жаңа кесте, мысалы, бөліп төлеу бойынша.
Өтініш 15 күнтізбелік күн ішінде қаралады. Бұл туралы «Төлеу қиын болса» бетінде толығырақ айтылған.
Мерзімі өткен берешек қаншаға түседі
SPR credit шарттары бойынша тұрақсыздық айыбы мерзімі өткен соманың күніне 0,2% құрайды. 100 000 ₸ төлемді 10 күнге кешіктірсеңіз, сыйақыға қоса тағы 2 000 ₸ төлейсіз.
Бірақ кредиттік тарихтағы жазба одан да қымбатқа түседі. Соның кесірінен банктер кейін ипотека мен бөліп төлеуден бас тартады немесе оны жоғарырақ пайызбен береді. Тұрақсыздық айыбының барлық шарты тарифтер бетінде жинақталған.